- Республикалық бюджеттен облысымызға Екібастұз және Ақсу қалаларынан пәтер сатып алу үшін 1,2 миллиард теңге бөлінді, - деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисов.

Ақсуда 143 пәтерді сатып алу көзделген. Оның 57-сі Астана көшесі, 58 үй мекенжайындағы қайта жаңартылған ғимараттан көп балалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ металлургтер қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан үйлерден тағы 56 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

Рүстем Раисовтың айтуынша, сатып алынатын тұрғын үй кем дегенде 60 шаршы метрді құрауы тиіс және бір пәтердің құны 8,4 млн теңгеден аспауы қажет.

Дулат Райымбек
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көп балалы отбасы, пәтер, баспана