Жүгіріс «Сарыарқа» қонақ үйінен басталды. Дуатлонның 25 шақырымнан тұрды, 10 шақырым қашықтықты жүгіріп, 15 шақырымды велосипедпен өту қажет болды. Жүгіру Торайғыров көшесінен басталып, Торайғыров көшесінен Кутузов көшесіне бұрылып, орамды жолға дейін жетеді, мұнда велосипедтерге отырып, әуежайға дейін және қайтадан Кутузов көшесі бойынша орналасқан Ж. Аймауытов атындағы театрға дейін жүріп өтті. Бүкіл бағдар бойына Баян Батыр, С. Торайғыров, Ш. Уәлиханов және Г. Потаниннің ескерткіші, мемлекеттік рәміздер алаңы, Малайсары Батыр мен Ж. Аймауытов секілді мәдени ескеркіштер және қаланың белгілі жерлері орналасқан. 

 

Дуатлонда өз күшін сынауға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов және оның орынбасары Мейрам Бегентаев, Олимпиада ойындарының қатысушысы Дәулет Шабанбай қатысты. Сондай-ақ, велосипедпен Мәскеуге, Моңғолияға және Қытайға барған, Ертіс өзенін 70 шақырым қашықтықта жүзіп өткен Өміржан Ошанов, шаңғы жарысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кривушкин, шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, әлем Чемпионатының қола жүлдегері Александр Кустов және  шаңғы жарысы және жеңіл атлетика бойынша ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы Майса Ескендірова бар.

 

Бұдан басқа, жүгірісте «Ахмат» клубының қатысушылары, «ПМХЗ» ЖШС-нің жұмыскерлері, павлодар қаласының университеттерінің студенттері де белсенділік танытты.

Ерлер мен әйелдер арасында мәреге бірінші болып ағалы-әпкелі Андрей мен Евгения Фондюшиндер келді. Олар 1:05:55 және 1:19:00 уақыт көрсетті. Ал қалған қатысушылар мәреге екі сағат асқан соң ғана жетті.

Суретті түсірген Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz