Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ирина Сорокина айтты.

- Жаз басталысымен бақша дақылдарына сұраныс арта түсетіні белгілі, - дейді Ирина Сорокина. – Сырттан әкелінетін өнім болған соң, бірінші кезекте бақша дақылдарына мониторинг жүргіземіз. Сондай-ақ, барлық ерте пісетін жеміс-жидектер назарға алынады. Жыл басынан бері көкөністер мен жемістердің 700 сынамасын алдық. Нәтижесінде 7 пайызында нитраттар бойынша сай келмейтіні анықталды. Қауын-қарбыздан басқа, картоп пен нектаринде біршама жоғары болды. Қазіргі уақытта ендігі пісіп жетілген. Дегенмен, өзіміздің қарбыздардың піскенін күтуге кеңес берер едім.

Өңірдің санитарлық бас дәрігері Түркістан облысымен тығыз байланыста жұмыс атқарылатынын атап өтті.

- Біздегі бар ақпаратты сол жақтағы әріптестерімізге өз аумақтарында өндірушілермен жұмыс істеу үшін жібереміз, - дейді ол. – Бұдан бөлек, басқа да ведомстволармен, мемлекеттік органдармен байланыс орнатылған. Облыстық балалар ауруханасының инфекциялық стационарында да нитратпен улану болмағанын растады. Сондықтан тұрғындарға кез келген тағамды сатып алған кезде оның сапасын дәлелдейтін құжат талап етуге кеңес береміз. Егер ондай құжат ұсына алмаса, ол жерден сатып алудан бас тартқаныңыз жөн.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам