Бұл туралы Kaspi Bank-тің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

- Руслан Сексембаев кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін деген уәдемен жәбірленушілерді өзінің шотына қаражат аударуға көндірген, содан кейін қашып кеткен. Қазір полиция тергеу-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Kaspi қылмыскерді тауып, жазалау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс жүргізуде, - деілнген парақшада.

Алаяқтың қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін Kaspi 10 000 000 теңге мөлшерінде сыйақы тағайындайды.

Деректерді +7 705 211 16 93 телефон нөмірі арқылы Kaspi-дің қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болады.

Банк сіз немесе сіздің жақындарыңыз осы адамның әрекеттерінен зардап шексе, Павлодар қаласының құқық қорғау органдарына арызбен жүгінуді сұрайды.

Банкпен жасалатын барлық қаржылық қатынастардың шартпен бекітілетінін естеріңізге саламыз. Банк ешқашан біреудің шотына қаражат аударуды талап етпейді.

Мұқият болыңыздар! Өз ақшаңызды алаяқтарға сеніп тапсырмаңыздар!

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, банк, қылмыс, ПД