Бұл туралы BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство өкілі Владимир Беккердің айтуынша, шомылу маусымы басталғаннан бері 126 адам, оның ішінде 50 бала суға кеткен. Төтенше жағдайлардың көбеюін мамандар күннің ысуымен байланыстырады. Болжамдарға сай, мұндай ауа райы әлі бір апта бойы сақталады.

Сондықтан құтқарушылар табиғат аясында демалушыларға суда шомылу ережелерін сақтай отырып, тек арнайы бекітілген орындарда шомылуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

«Шомылу маусымы басталғанан күннен бастап ТЖК бөлімшелері қайғылы жағдайлардың алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанына қарамастан, тұрғындар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Балаларын қараусыз қалдырып жатады. Өкінішке қарай, су айдындарында қаза тапқандардың көбі балалар», - дейді ҚР ІІМ ТЖК төрағасы, Владимир Беккер

pavlodarnews.kz

Тэги: