Бұл туралы облыстың туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы мәлім етті.

- Павлодар қаласындағы орталық жағалау Еуразиялық лиганың 3-ші кезеңін қабылдайды, - дейді басқармада. – Турнирдің бұл тобында 5 команда бақ сынайды. Павлодарлық «Арман» командасымен қатар, Томск қаласынан «ТГК» мен «Алтай Соккер» командалары, Новосібірден «Джокер» және Бердскіден «Кровь и песок» командалары жарыс жолына шықпақ.

Алғашқы ойын 2 тамыз күні сағат 18:00-де «Джокер» мен «ТГК» командалары арасында өтпек.

Еске салайық, павлодарлық «Арман» командасы Еуразиялық лиганың биылғы маусымын жеңіспен бастаған болатын. Барнауылда өткен 1-кезеңде 4 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Оразбек Саяхат
Фото: beachsoccer.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Арман, жағажай футболы, спорт