Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Учаскелік полиция инспекторы Мақсат Сұлтанов қаруды Жолқұдық ауылының маңында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің вагоншасынан 50 жастағы ауыл тұрғынынан анықтады. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау фактісі бойынша, ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 482-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деді департаментте.

Тәркіленген қару сараптамаға беріліп, аталған қаруды егжей-тегжейлі тексеру және бөлшектеу кезінде оқпанда зауыттық нөмірі табылды. ІІМ-нің базасы бойынша тексеру кезінде аталған мылтықтың 1984 жылы туылған облыс орталығының тұрғынына тіркелгендігі және 2012 жылдың қазан айында иесінің пәтерінен ұрланғаны анықталды. Анықталғандай, иесі Ресей Федерациясынатұруға кеткен.

Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері істің барлық жағдайларын анықтау бойынша тексеріс жүргізуде.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10-14 шілде аралығында өңір аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Заңсыз айналымнан 7 қару алынды, қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау үшін 6 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: