Кастингтен өткендер Ertis Promenade сахнасында жаз мезгілінде өтетін концерттерде өнер көрсетеді.

- Кастингке 18-ден 35 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар. - Өзімен бірге жеке куәлік пен флешка әкелу қажет. Онда кастинг қатысушысы орындайтын әннің минусовкасы алдын ала жазылуы керек. Қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-де басталады.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 68-02-97, 68-03-00.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде қала күнін мерекелеу құрметіне Ertis Promenade жазғы сахнасында өзінің «По волнам» хитімен танымал ресейлік Burito тобы және қазақстандық The Jigits тобы өнер көрсетеді.

20 шілдеде павлодарлықтар танымал қазақстандық әртістер Дастан Оразбеков, Қайрат Баекенова, «Формат» тобы, сондай-ақ румындық Morandi тобының өнерін тамашалай алады.

Концерт сағат 19:00-де басталады, кіру тегін.

Томирис Бекжан

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам