ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлағандай, 2019 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстарының көлемі 61,7 миллиард теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 107,8%.

- Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 85158 шаршы метр пайдалануға берілді, немесе 2018 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 105%-ды құрады. 2019 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 969,1 миллиард теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің индексі – 100,2%, - деп хабарлайды Статистика комитеті.

2019 жылғы I тоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 98416 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,5%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 7,3%-ға артты.

2019 жылғы I тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 145,8 мың теңгені, немесе 2018 жылдың сәйкес тоқсанына 108,9%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 103,9% құрады.

pavlodarnews.kz

Тэги: статистика, құрылыс, экономика