Аталмыш мекеменің маркетинг және жарнама бөлімі басшысы Наталья Темиргалина атап өткендей, 500 сусын ұсынған «Либелла Боттлерс Алматы» компаниясының демеушілігімен өтуде.

Сейсенбі және жұма күндері бір сағаттан күн қайнап тұрған кезде, яғни түскі екіден үшке дейін № 3 және № 5 маршрут бойынша жүріп өтетін № 52 және № 82 трамвайларда тегін сусындар таратылады.

- Бұл трамвайларда біздің демеушінің өнімдері орналастырылған, - дейді Наталья Темиргалина. - Түрлі-түсті вагондарды бірден тануға болады. Шағын сыйлық беретін алып қуыршақтарды да демеушілеріміз ұсынды. Олар көп жылдардан бері біздің серіктестеріміз болып келеді. Біз өзіміздің жолаушыларды қаншалықты құрметтейтінімізді көрсеткіміз келеді. Алда әлі талай тосын сыйлар күтіп тұр. Бұған дейін «Тегін жүру мүмкіндігіне ие бол!» атты тегін билеттер акциясы өткізілген. 20 шілдеде алғашқы жеңімпаздар отырған трамвай шығады.

Алғашқы күні күтпеген жерден аптап ыстықта тегін сусынға ие болған тұрғындардың бірі - Руслан Макенов.

- Өзім трамваймен жиі жүремін, - дейді ол. – Бүгін басқа қалада жүргендей сезіндім. Жаңа трамвайлардың саны арта берсін. Далада + 36 градус. Күн деген жанып тұр. Ал, мұндай тегін сусын ұсына қоятын акцияларды қуана қабылдайтынымыз сөзсіз.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам