Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Кеңес құрамындағы 2,5 мың сарапшы Бакуде өткен форум кезінде бұл бастаманы ақыры қолдады. Жалпы 10 күндік жұмыстың нәтижесінде мұралар тізімі тағы 29 нысанмен толыққан. ЮНЕСКО-ның мәдени мұра форумының Бакудегі ұйымдастырылуы тегін емес. Өйткені, Ширваншахтардың сарайы орналасқан ескі қала әлемдік мәдени мұралардың қатарында. Сондай-ақ Әзербайжан астанасының оңтүстігіндегі Гобустан қорығы да аталған тізімде. ЮНЕСКО-ның мүшелігіне өту үлкен басымдық береді. Себебі әлем таныған нысан арқылы елге туристерді көптеп тартуға болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: