Облыстық мәслихаттың кеңейтілген отырысында қала мен аудан әкімдері, мемлекеттік органдар басшылары мен депутаттар алдында сөйлеген Болат Бақауов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының отандық өндірушілер мен кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау болғанын айтты.

- Аталған бағдарлама енді ғана өз күшіне еніп келеді, - дейді Болат Бақауов. – Осы орайда қала мен аудан әкімдеріне белсенділік қосу керек. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру арқасында облыстағы дүкен сөрелеріндегі импорт үлесін азайтуымыз керек. 

Сараптамалардың қорытындылары бойынша жеңіл өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік сатып алулардың үлесі 9,2% болса, құрылыс материалдар көлемі 15,7% аспайды. 4500 жеткізушінің ішінде 1345-і ғана – жергілікті өндірушілер. 

Осыған байланысты, өңір басшысы қала мен аудан әкімдері, облыстық басқармаларға мемлекеттік сатып алу кезінде «Қарапайым заттар экономикасына» қатысты заттарды сатып алу кезінде жергілікті қамтудың жыл сайынғы 20%-дық мақсатты индикаторын енгізуді бұйырды.

Айбек Жұматов

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Болат Бақауов, «Қарапайым заттар экономикасы», импорт