- Қалған аумақты биолог Татьяна Пономареваның кеңесі бойынша «Қазхром» зауытымен бірге бұл шөппен күресудің тиімді жолын табу үшін химиялық тәжірибе жүргізуде. Егер де қайтадан шығу қажет болған жағдайда біз әрі қарай жұмысты жалғастыруға дайынбыз, - дейді «Жасыл ел» жастар жасағының менеджері Роман Краснощеков жастар саясаты жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында.

Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаевтың айтуынша, сарбаздар циклахена арамшөптерін шабуға кіріскен. Аудан бойынша бұл шөптің жалпы көлемі 10,2 гектарды құраса, аудан орталығында шамамен 3 гектар бар. Бүгінде оның 0,3 гектарға жуығы шабылған.

- Жастарды жазғы кезеңде жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бойынша «Жасыл ел» бағдарламасына 70 сарбазды еңбек жасағына қабылдау жоспарлануда, - дейді аудан әкімі. – Олардың 38-і шілде айынан жұмысқа кірісті. 24 сарбаз «Ертіс орманы» арқылы және 14-і аудандық бюджет есебінен қаржыландырылады. Біздің мақсатымыз – жастарды табиғатты күтіп қарауға және ауылда жұмыс істеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам