«Вера» ПИК-тің төрайымы Евгения Шквира атап өткендей, жұртшылық мұндай шараларға қуана қатысады.

- Қала күнінен басқа, 8 Наурыз және Ұлыстың ұлы күні сияқты мерекелерді де осылай шағын аудандарда өткізсе жақсы болар еді, - дейді ол. – Себебі, балалары бар аналар мен егде жастағы қариялар орталық алаңға шыға алмайды. Бұл бастаманы балабақшалар мен мектептер бірден қабыл алды.

№ 8 шағын ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Назым Әлібаева қаланың жыл сайын көркейіп келе жатқанын айтады.

- Біздің шағын ауданда № 25 және № 42 екі керемет мектеп, Назарбаев Зияткерлік мектебі бар, - дейді Назым Әлібаева. – Көптеген қызықты шаралар өткізіліп жатқанына өте қуаныштымыз. Күн сайын 30-дан астам тыл еңбеккері шахмат, дойбы ойнайды. 7 ҰОС ардагері мен 13 тыл еңбеккері тұрады. Күзгі және көктемгі марафон өткіземіз. Депутаттарымыз үнемі қолдау көрсетіп тұрады. Жуық арада шағын ауданның белсенділері Тұзқалаға баруды жоспарлап отыр.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Қала күні алғаш рет шағын аудандарда және қатарынан бес күн бойы тойланады. Бүгінгі шараны ұйымдастыруға тұрғындар мен «Вера», «Усолка», «Ремсервис» пәтер иелері кооперативтері, «Жақсылық» жеке кәсіпкерлігі атсалысқан. Ертең мұндай мерекелік көңіл-күй Чкалов көшесі, 130 мекенжайы бойынша тұратын тұрғындарды күтіп тұр.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам