Бұл туралы агенттікке С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бұл бағат бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорынан Павлодар мемлекеттік университетіне 300 атаулы кітап келіп түсті, - дейді университетте. - Әрқайсысының таралымы - 131 дана. Жалпы алғанда кітапхана қоры 3930 кітаппен толықты. Оның ішінде ағылшын тіліндегі түпнұсқадағы үздік шығармалардың қазақ тіліндегі аудармалары бар. Бұл шығармалар  Энтони Кенни, Ник Уилтон, Патрисия Уоллейс және тағы басқа авторлардың туындылары.

Айта кетейік, 2018 жылы 19 атаулы кітап қабылданды. Олар 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бері университеттің ғылыми кітапханасы қолданушылары үшін қолжетімді.

Фото: С. Торайғыров атындағы ПМУ

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет, 90-летие