Облыстық триатлон федерациясының вице-президенті Ержан Әуезов атап өткендей, Нұр-Сұлтанда өткен BI Group Ironman 70.3 Astana жарысына 50 елден келген 1400спортшы қатысты. Солардың ішінен павлодарлық Ertis Iron Team командасы біріншінәтижені танытты.

Дейтұрғанмен, Ержан Әуезовтің айтуынша, триатлон – таңдаулылар ғана қатыса алатынспорт емес.

- Мысалға алсақ, мен бұрын ешбір спортпен айналысқан емеспін, - дейді Ержан Әуезов. – Триатлон – бай-манаптар немесе суператлеттер, яғни таңдаулылар ғана қатысатын спорт емес. Әрбір адам жарысқа қатысып, финишке жете алады. Бәріміз жетіліп, алға ұмтылатынымыз рас қой. Сол секілді триатлон – бұл жекетұлғаны шыңдаудың ең күшті тренингі. Триатлон ұраны – Anything is possible, яғни бәрі де мүмкін.

Running Pavlodar командасының капитаны Александр Колонда айтқандай, Нұр-Сұлтанда өткен Ironman 70.3жарысы оның өміріндегі ең ауыр сын болды.

- Әрине, жарыстан алған әсерлеріміз өте жақсы. Дегенмен, жарыс оңай болмады. Күн ыстық болды. Соңғы бес шақырымды әзер жүгіріп өттім. Шынымды айтсам, бұлменің өмірімдегі ең ауыр сын болды, - дейді Александр Колонда.

Өз кезегінде, Ertis Iron Team триатлон клубының спорттық менеджері Константин Ведмедь облыс тұрғындарын осы спорт түрімен айналысуға шақырды.

Айта кетейік, Василий Звонарев, Павел Гацкий және Александр Колонда құрамындағы павлодарлық эстафеталық команда өткен аптада BI Group Ironman 70.3 Astana жарысында 70,3 миля қашықтықты 3 сағат 58 минутта өтіп, жеңімпаз атанды.

Айбек Жұматов

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Триатлон, Ironman, Ержан Әуезов, спорт