Бұл туралы   Тengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қымзетіне сілтеме жасап хабарлайды.

17 шілдедегі жағдай бойынша, Арыс қаласында 1360 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жұмыстар әлі жеке тұрғын үй құрылысы және көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 4664 нысанда жүргізіліп жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 213 компания тартылған. Қала 17 секторға бөлінген, онда 6 542 құрылысшы және 252 арнайы техника жұмыс істейді. Жұмыс күндіз де және түнде де жүргізілуде. Тағы да 1840 құрылысшы әлеуметтік нысанды қалпына келтіріліп жатыр.

  Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

pavlodarnews.kz

Тэги: