Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Нефтяник» бағбаншылық төрағасы полицияға арнайы хат жолдаған.

- Анатолий Мележко өз хатында полицияның аға лейтенанты Рауан Разин мен полиция лейтенанты Рахат Кенжетаевке өз міндеттерін мүлтіксіз орындағаны үшін ғана емес, кез-келген уақытта көмекке келуге әзірлігі үшін де алғысын білдірді, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, «Нефтяник» бағбаншылық төрағасы тәртіп сақшыларына арнайы мақтау қағаздарын табыс етті.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары полицейлердің басты міндеті - азаматтарымыздың бейбітшілік пен тыныштығын сақтау екенін атап өтті.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша бағбандық шаруашылықтарда 76 қылмыс тіркелген.

pavlodarnews.kz

Тэги: полиция, саяжай, қылмыс, бағбаншылық, алғыс