Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Демалыс орындары мен автобус аялдамаларында дәретханалар мәселесін шешу үшін «QazAvtoJol» инвестициялық тендерді жариялайды. Конкурста жобасы үздік деп танылған мердігер 7 жыл бойы жолаушыларға қызмет көрсетеді. 24/7 режимінде жұмыс істеуге толық жауап беретін, жақсы жабдықталған дәретханалар орнатуға дайын отырған мердігерлер қазірдің өзінде жеткілікті. Олар өз ақшасына заман талабына сай дәретхана орнатуы керек. Сосын жеті жыл бойы өздері күтіп ұстайды. Ал біздің компания күтіп ұстаған шығыны үшін ақы төлейді», - дейді Исаев.

Оның айтуынша, жақсы жабдықталған дәретханаларды орнату және пайдалану бойынша конкурс 2019 жылдың үшінші тоқсанында жарияланатын болады. Ол екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде әлеуетті инвесторлар дәретхананың бір нұсқасын көрсетуі керек, екінші кезеңде жеңімпаз таңдап алынады.

«Кез келген технологияны, оның ішінде жасыл желілерді қолдануға, сондай-ақ бекітілген ең төменгі талаптар шеңберінде дәретхана павильондарының жобаларын өзгертуге болады. Бұл тұрғыда ешқандай шектеу жоқ. Тіпті жалғыз дәретханамен шектелмей, жанынан сервис орталығын орнатуына да болады. Ең бастысы, күтім шығындары қызмет сапасына сай болуы керек», - дейді департамент директоры.

Оның айтуынша, 2019-2021 жылдары 304 санитариялық-гигиеналық қондырғы орнатуға арналған орындар, оның ішінде салынып жатқан жол учаскелерінде 109 жақсы жабдықталған дәретхана бар. Қолданыстағы учаскелерде жеке инвестициялар есебінен 195 жақсы жабдықталған дәретхана орнатылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: