Бұл туралы статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Оның ішінде қара металлургия өнімінің көлемі 60,3%, негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру – 39,2%, металл құю – 0,5%, Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде металлургия өнеркәсібінің үлесі 46,5% алады, өңдеу өнеркәсібінде – 71,4%, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлері арасында металлургия өнімінің өндірісі бойынша біздің облыс үшінші орынды алады. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан кейін республика көлеміндегі үлесі 19,3% құрады.
6 ай ішінде металлургия өнеркәсібіне 22,8 млрд теңгеге жуық инвестициялар салынған.

2019 жылғы I тоқсанда осы саладағы орташа жалдама жұмыскерлерінің саны 23251 адам, олардың орташа айлық еңбек ақысы облыс деңгейінен 1,4 есеге асып 210455 теңгені құрады.

 

Фото:  depositphotos.com 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, экономика