Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі  хабарлайды.

"Маусым айында орташа жаһандық температура ХХ ғасырдағы орташа көрсеткіштен 0,95 градусқа жоғары болды, осылайша бұл ай 140 жылдық кезеңдегі ең ыстық маусым болып тіркелді", - деп хабарлады Ұлттық экологиялық ақпарат орталығының ғалымдары.

Сондай-ақ, NOAA мәліметтеріне сәйкес, екі ай қатарынан ыстық Антарктиканың мұз жамылғысының жаңа минимумына жетуіне әкеп соғады екен. 2010 жылдан бастап он ең ыстық маусым айының тоғызы тіркелген. Ең ыстық маусым Оңтүстік Америкада, Африканың оңтүстік бөлігінде, Атлант және Үнді мұхиттары мен Беринг теңізі, Мадагаскарда, Жаңа Зеландияда, Аляскада, Батыс Канадада, Мексикада және Шығыс Азияда тіркелген. 

pavlodarnews.kz

Тэги: