Мұндай зерттеуді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аймақтық департаментінің мамандары жүргізді. Селитебті аумақ, Ертіс жайылмасы, су тартудың санитарлық қорғау аймағы, сондай-ақ балалардың ойын алаңдары зерттелді.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша Орталық жағажайлар, Усолка және 1 Май, 14, 23, Айманов, 29, 44, сонымен қатар Короленко, 6, 21, 23 көшелері бойынша балалар ойын алаңдары орташа ластанған деп аталды.

- Екібастұзда ауыр металл тұзының 26 сынамасының екі сынамасында шамадан тыс асып кеткендігі анықталды, - деп нақтылады  департаментте. - Қорғасынның ұсталуы бойынша артықшылық Энергетиктер көшесіндегі 19-шы шағын ауданның балалар алаңдарынан алынған сынамаларда - 65,0 мг/кг, норма бойынша 32,0 мг/кг және Бұқар жырау көшесіндегі 31-ші шағын ауданның сынамаларында белгіленді. Микробиологиялық зерттеулер бойынша сәйкессіздік төрт балалар алаңшасында анықталған.

Айта кетейік, Ақсу қаласында 21 сынаманың гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіні анықталған жоқ.

Байқоныс су бөгетінің санитарлық қорғау аймағынан, Тереңкөл ауылының рекреациясы мен Ертіс жайылмалы аумағында, Тереңкөл ауданының Песчаное, Береговое, Жасқайрат, Жаңабет ауылдарынан микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздікті анықтады.

- Біз анықталған сәйкессіз сынамалар бойынша жергілікті атқарушы органдарға хат жібердік, сондай-ақ балалар ойын алаңдарында құмды ауыстыруды ұсындық, - деп атап өтті ведомствода.

 

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам