Павлодар қаласының туған күнін қаланың басты сахнасынан тамашалауға 30 мыңға жуық қала тұрғыны келді.

Дәстүрлі түрде мерекенің құрметіне жағажайда көрмелер, спорттық жарыстаржәне  Ертіс өзенінің бойында 11 кеменің керуені өтті.

- Бүгін бізді біріктіретін күндердің бірі - қаламыздың туған күні. Бұл мереке күні біздің әрқайсымыз туған қаласы, оның бай тарихы мен жоғары мәдениеті үшін ерекше мақтаныш сезімін сезінеді, - деп атап өтті Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов. - Павлодар өзінің еңбек дәстүрлерімен, династияларымен танымал. Оның негізін металлургтер, құрылысшылар, энергетиктер, экономика мен әлеуметтік саланың әртүрлі саласының қызметкерлері қалайды. Бүгін бұл дәстүр жалғасуда. Біздің қала дамып, алға нық қадам басып келеді. Бизнес жүргізу, қала тұрғындарының табысын өсіру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндіктер ашылуда.


Қаланың басты сахнасында өңір басшысының орынбасары Асхат Оралов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін табыс етті.



Бес павлодарлық: Серік Әлиғожинов – экономиканы дамытуға қосқан үлесі үшін; Бағдат Балқыбаев – мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін;  Ғаббас Бектұров – ғылымды дамытуға қосқан үлесі, белсенді қайырымдылық қызметі үшін; Зинаида Пархоменко – қаланың беделін арттыруға қосқан үлесі үшін, Амангелді Хамзин – заңдылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Қаланың Құрметті азаматы» атағын алды.

Мерекені қалалықтармен бөлісу үшін Омбы мен Новосібір делегациялары келді.

- Бұл қала ашық және қонақжай, жылдан-жылға қарай заманауи және әдемі болып өсіп келеді, жаңа нысандар салынуда, абаттандырылуда. Сіздер оның дамуында тарихи өзіндік ерекшелігін және қайталанбас келбетін жоғалтпай қазіргі заманғы үрдістерді сақтай аласыз, - деп сахна төрінен Омбы қаласының мэрі Оксана Фадинаның хабарламасын оқыды. - Мұнда өмір сүруге, жұмыс істеуге және әртүрлі ұрпақ өкілдеріне өзін-өзі көрсетуге ыңғайлы. Павлодардың басты байлығы - тұрғындары.

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың айтуынша, павлодарлықтар өздерінің қай жерде тұрғанына қарамастан, өз қаласына деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді.

Қала күні басты сахнада қазақстандық әртістер Қайрат Баекенов, «Формат» тобы және «Махаббатым жүрегімде» сериалының әртісі Дастан Оразбеков өнер көрсетті. 

Кеш соңында румындық Morandi тобы мен лазерлік шоу болды.

 

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам