Жергілікті кәсіпкер Алексей Мазур мұндай дүрбіні сатып алуға бір жарым млн теңгеге жуық қаражат жұмсағанын айтады.

- Бұл дүрбі он алты градусқа дейін үлкейтіп көрсетеді, - дейді ол. – Біздің жағалау өте керемет және кез келген өңірде мұндай жағалау кездесе бермейді. Сондықтан қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау әрі жайылымды тамашалау үшін осындай ерекше дүние жасағымыз келді. Мұндай дүрбі Алматы мен Астана қалаларында ғана бар. Қызығушылық болса тағы да орнатылады.

Жылжымалы дүрбімен жағалауды алыстан жақындатып бір минут тамашалау үшін 200 теңге, екі жарым минут қарау үшін 500 теңге салу керек. Құрылғы қалың металлдан жасалған әрі төзімді. Тіпті, қыс мезгілінде - 30 градус аязда да қолдануға болады.

Бұзақылдардан қорғау үшін «Күзет» фирмасына қосылатын арнайы батырмасы бар.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: автор

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам