Бұл туралы   «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұзақ жауған нөсер таулы өлкеде орналасқан Ичунь қаласында су тасқынына әкеп соқтырды.

Соның салдарынан жаяу қыдырып жүрген 285 турист сырт әлемнен оқшау қалып қойды. Дүйсенбі таңында құтқарушылар хабар-ошарсыз кеткен туристердің барлығын тапты, өкінішке қарай, оған дейін төрт турист жан тапсырған. Билік тарапы табиғи апат аймағына 530 құтқарушыны жіберген.

pavlodarnews.kz

Тэги: