Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бүгін, 22 шілде күні таңғы сағат 6.12-де кезекшілік бөліміне өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалын 10 шаршы метрді шарпып, үйдегі заттар мен жиһаздар жанған. Зардап шеккендер мен өрт салдарынан көз жұмғандар жоқ, - дейді департаментте.

Өрт сөндірушілер 17 адамды сыртқа шығарған. Оның сегізі – бала. Оқиға орын алған кезде үйде ешкім болмаған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 техника мен 16 адам жұмылдырылып, сағат таңғы 6.43-те толығымен сөндірілді.

Ақбота Сейсенбаева

Скрин echo_pavlodara

pavlodarnews.kz

Тэги: