Қалалық ТҮКШ бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы Сабыр Оразбаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары Павлодарда саябақтарды ағымдық жөндеу жұмыстары аясында жүзеге асырылуда.

- Құрылыс жұмыстары өткен аптада басталып, жоспарға сәйкес 25 қазанда аяқталуы тиіс, - дейді Сабыр Оразбаев. – Жұмыстар аясында мұнда балалар ойнау алаңы, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылып, су құбырлары мен жарықтандыру желілері тартылады. Оған қоса, демалыс орнын көшемен бөліп тұрған ескі металл дуал алынып тасталады. Ағаштар кесілмейді.

Қалалық ТҮКШ бөлімі өкілі айтқандай, аталған іске облыстық бюджеттен 12,6 миллион теңге бөлінді. Сабыр Оразбаевтың айтуынша, қаламыздың өзге де саябақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстарға барлығы 190 миллион теңге көзделген.

Айта кетейік, қазіргі кезде Павлодарда 41 саябақ бар.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: көгалдандыру, абаттандыру, саябақ, қала көркі