Қаржы институты өзінің Instagram парақшасында күдікті 21 шілде күні Екібастұз қаласында қолға түскені туралы хабарлаған.

- Сексембаев төмен бағамен кепілді жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмек пен жәрдемдесуге уәде берген. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алдау арқылы қаражатты өзінің жеке шотына аударуға көндірді, содан кейін жасырынып қалды, - деп хабарлайды Kaspi bank. - Күдіктіні ұстауға көмек көрсеткені үшін Kaspi Сексембаевтың мекенжайы туралы ақпарат берген азаматқа 10 миллион теңге көлемінде сыйақы төледі. Азаматтың аты оның қауіпсіздігі және тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сонымен қатар, полиция департаментінде алаяқ құрбандарының саны екі есеге өскенін хабарлады.

- 11 шілде күні 28 өтініш болған, бүгінгі күні азаматтардан 300 млн теңгеден астам сомаға 43 өтініш келіп түсті, - деп хабарлады аймақтық полиция департаменті бастығының м. а. Жасқайрат Қайыров. - 21 шілдеде аталған азамат жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, өз ісін мойындады және байланыста болады.

Ұсталған азамат Павлодар облысының тұрғыны. Полиция тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңінде оны одан әрі қамауға алу туралы сотқа өтініш білдірді.

Жасқайрат Қайыровтың ақпараты бойынша, алаяқтық схемасы қарапайым болған.

- 2017 жылы күдікті өз таныстарынан несие алып, оны төлей алмаған, сол кезде қылмыстық ой пайда болған. Ол банктің несие бөлімінің бастығы бола отырып, адамдарды алдап, банктен кепілдегі пәтерлерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуға  уәде берген. Егер даулар туындаса, ақшаны қайтарып отырған. Оған ақша жеке шотқа аударылған немесе қолма-қол ақшалай берген. Ол 5 шілде күні банктен шығып кеткен де, 9 шілдеде жәбірленушілерге өзі хабарласып, бұл істің жүрмей жатқанын айтып, өз ақшаларын қайтару үшін банкке жүгіну қажет екенін жеткізген. Бұл адамдар банкке хабарласа бастады, сол жерден ақпарат бізге келіп түсті.

Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі - аса ірі мөлшердегі алаяқтық бойынша жүргізілуде.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам