Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, BMW автокөлігінде 33 жастағы ер адам болған.

- Алдын ала болжам бойынша, BMW автокөлігінің жүргізушісі рөлде отырғанда қалғып кетіп, аударылып қалған, - деп хабарлайды ведомствода. - Ол Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ, ауруханада зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатқанын және жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.

- Оған сол жақ білезіктің травматикалық ампутациясы, бас сүйек миының жарақаты, бас миының шайқалуы, сол жақ жіліншіктің 2 дәрежелі термиялық күйігі, 3 дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылды, - деп түсіндірді емханада.

Полиция департаментінде сараптама тағайындалғанын, тексеру жүргізілгенін хабарлады.

 

 

 

Томирис Бекжан

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам