Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 21 шілдеде шамамен сағат онның кезінде Циолковский көшесі бойынша орналасқан ТҚКС-да 28 жастағы павлодарлық 1985 жылы туған Баянауыл ауданының тұрғынына тиесілі «BMW-320» автомашинасын айдап кеткен. Сол күні кешкі тоғыздар шамасында 28 жастағы павлодарлық 1986 жылы туған қала тұрғынына тиесілі «Хонда Цивик» автомашинасын айдап кеткен, - дейді департаментте.

Күдіктілер кінәләрін мойындап, атомашиналар иелеріне техникалық жарамды күйде қайтарылды.

Айдап кету фактілеріне қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты ешқайда шықпау – бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері аймақ аумағында 46 ұрлау фактісі тіркелген.

 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам