Елордамызда өткен пара пауэрлифтинг бойынша әлемдік додаға дүние жүзінің 77 елінің 462 спортшысы қатысты. Аталмыш турнирде Қазақстан құрамасының намысын 33 спортшы қорғады, олардың үшеуі – біздің жерлестер.

Павлодарлық Егор Болингер жарыста 25-орында тұрақтаса, Юлия Петрусева 13-орынды иемденді. Тағы бір жерлесіміз – Сандуғаш Ақанова 2-орынға ие болды.

- Аталған спортшылардың бәрі тұрақты түрде спортпен айналысады, - дейді облыстық туризм және спортты дамыту басқармасы спорт бөлімінің бас маманы Айгерім Байсалбаева. – Барлығы Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегерлері және халықаралық жарыстардың қатысушылары. Спортшыларымыздың бәрі әлем чемпионатында оң нәтижелер таныта білді.

Айгерім Байсалбаеваның айтуынша, спортшылар қыркүйекте Ақтөбеде өтетін V республикалық Параолимпиадаға қатысуға әзірленуде. Онда спортшылар павлодарлық спорттың бес түрінен – жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі және оқ отудан күш сынасады.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт, мүмкіндіктер шектеулі азаматтар, әлем чемпионаты, пара пауэрлифтинг