Бұл туралы өңірлік статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Нақты жалақы индексі 106,7%-ды құрады. Сала құрылымындағы ең жоғарғы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 215516 теңге (орташа облыстық деңгейден 1,4 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 206088 теңге (1,4 есеге асты) белгіленді, - деп жазылған хабарламада.

Ең төмен жалақы «Өнер, ойын-сауық және демалыс» саласының қызметкерлерінде – 92234 теңге, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 39,1%-ға төмен.

Аумақтық бөліктегі ең жоғары жалақы Екібастұз қ.ә. – 176168 теңге. Ең төмен жалақы Шарбақты ауданының қызметкерлеріне есептелді – 93884 теңге.

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика