Бұл туралы Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы мәлім етті.

- «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан додада спортшымыз Рината Сұлтанова кезекті медаліне қол жеткізді, - деді басқармада. – Өңіріміздің белді спортшысы топтық және жекелей сындардан екі алтын мен екі күміс медаль иеленді.

Спартакиаданың алғашқы күнінде Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы із кесу сайысында алтыннан алқа тақты.

Ал, «скретч» топтық жарысында және «кейрин» бағдарламасы бойынша жекелей сында күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ кешегі топтық сайыста алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, «Сарыарқа» велотрегіндегі Қазақстанның V жазғы Спартакиадасы бүгін аяқталады.

Оразбек Саяхат
Фото: cycling.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: