Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, түгендеу жүргізу кезінде Қарағандының ревизоры Павлодар қаласында орналасқан екі ломбардтың кассасынан қомақтай 5 миллион теңгеден астам ақшаның жеткіліксіз екенін анықтады.

- Күдікке осы ломбардтардың директорлары түсті. Аталған сома 2018 жылғы ақпан айынан бастап 2019 жылғы шілде айына дейін жұмсалған. Күдікті қомақтай соманың жеткіліксіздігін өзінің жұмсақтығынан, жұмыстан шығып кеткен бұрынғы сараптамашы-бағалаушы болып істеген жұмыскерлерінің қарыздарын жаптым деп ақталды. Бұдан басқа, күдікті, алтын бұйымдарды банктің ұяшығына апарып салудың орнына, кепілге берілген алтындарды өзі иеленген. Күдікті аталған алтын бұйымдардың мерзімін ұзартып, жоқ алтын бұйымдарға кепілдік билеттер соққан. Ақшалай қаражаттарды алып, пайыздарын жоғарыда көрсетілген алтын бұйымдармен жауып отырған.

ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында шындыққа жетіп, барлық мән-жайларды алаяқтық бойынша анықтау енді полицейлердің құзыретінде.

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: