Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 1-ші күні ішкі істер органының есебінде тұрған 932 тұлға тексерілді. 180-не қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды. Тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық үшін әкімішілік жауапкершілікке барлығы 44 адам тартылды. Соның ішінде

- Тұрмыстық қылмыстың мәселесіне ішкі істер органдары үлкен көңіл бөледі. Отбасындағы жанжал қарапайым отбасылық даудың шегінен жиі шығуда және күрделі мәселеге айналуда. Олар ауыр психологиялық және физикалық жарақаттарға әкеп соғатын қол жұмсау, қорқыту, ауыр зорлық-зомбылық іс-қимылдарға дейін барады, - деді ПД баспасөз қызметінде.

Полицейлер тұрмыста құқық бұзушылықққа жол беретін тұлғаларды, ата-аналары спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын, кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен айналыспайтын, оларға қаталдық көрсететін нашар отбасыларды анықтайды. Сондай-ақ спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын, есірткі қолданатын тұлғаларды анықтап есепке қояды.

pavlodarnews.kz

Тэги: