Топтың әншісі Сәкен Майғазиев Павлодар халқын мерекелерімен құттықтады.



- Баршаларыңызды Құрбан айт мерейтойымен және барлық құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, - деді әнші. – Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай барлығымыз бірге Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін шырқайық. Биыл ұлы тұлғаның дүниеге келгеніне 174 жыл толуда.



Елімізге танымал триомен бірге «Көзімнің қарасы» әнін 50 мыңнан астам павлодарлық шырқады. Сонымен қатар, топ Павлодар тұрғындары мен қонақтары үшін ел арасына таралған «Өз елім», «Есіңе ал», «Маралдым», «Жаным» әндерін орындады.



Алғашқы қатарда «МузАРТ»-пен бірге ән шырқағандардың ішінде Меруерт Жүзембева да болды.

- Мен «МузАРТ»-ты өте жақсы көремін, олардың барлық әндерін жатқа білемін, - дейді топ шығармашылығының жанкүйері. – Олардың өнеріне көптен бері куәмін.  



Сондай-ақ бұл күні Ertis Promenade-та павлодарлықтар үшін қазақстандық FM тобы және ресейлік әнші Доминик Джокер өнер көрсетті.



Еске салайық, әр сенбі сайын Ertis Promenade-та қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары, оған қоса, павлодарлық шығармашылық топтар мен әншілер өнер көрсетеді.

Дулат Райымбек
Фото: Индира Лятина

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ertis Promenade, өнер, мәдениет, маусым, Рухани