Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

"Емтихан өткізудің максималды түрде ашықтығы пен адалдығын қамтамасыз ету үшін  еліміздің барлық өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтардың және қоғамның басқа да мүшелері бақылаушылар ретінде тартылды", - деді министр.

Ол білім беру жүйесіндегі адалдықтың жаңа стандарттарын қалыптастырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, емтихан кезінде жалғандыққа жол беру – әлдеқайда маңызды құқық бұзушылыққа жол берудің алғашқы қадамы.

"Біз бұл стандарттарды төмендетпейміз. Бірінші күннің нәтижесіне келетін болсақ, тестілеуге келген 5705 қатысушының 4014-і смартфонмен келген. Ал, 216 үміткер тыйым салынған заттарды пайдалану әрекеттерін жасаған, олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар, 10 бөгде тұлға анықталып, материалдар құқық қорғау органдарына жолданады", - деді Аймағамбетов.

Ведомство басшысы ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық үміткерлерді белгіленген тәртіпті сақтауға шақыратынын айтты.

pavlodarnews.kz

Тэги: