Облыс әкімі Болат Бақауов өңір экологиясы туралы жиында жаздағы жәндіктер мәселесін қозғады. Оның айтуынша, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та энтомологиялық жағдайға байланысты сын көбейген.

Қансорғыштарға қарсы күреске облыстық бюджеттен жыл сайын 600 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Алайда, тұрғындардың пікірінше, бұл шыбын-шіркейден құтылуға көмектеспейді.

- Біздің бұндай 600 миллион теңгені шіркеймен күресуге бөлмей қоюға мүмкіндігіміз бар. Әйтеуір, халық бұл бәрібір көмектеспейді деп тұрса. Халыққа көрсету үшін солай жасап көру керек шығар, - деді Болат Бақауов қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокинаға. – Бұл ақшаны көгалдандыруға жіберейік. Бірақ одан кейін жағдай басқаша болады. Тек адамдарды шаққандығына емес, сүт шығымы төмендегеніне, адамдар құс өсіре алмайтынына шағымданды. Егер үш жыл бұрын біз аялдамалардағы барлық адамдар бұтақтармен тұрғанын байқасақ, бүгінде мұндай жағдай жоқ.

Өңір басшысы жұмыстың қалай жүретінін көрсету керектігін айтты. Сонымен қатар, ол бюджетті қарастыру кезінде ҮЕҰ мен қоғамның өтініштерін ескеруге уәде берді.

Ирина Сорокинаның айтуынша, маса мен шіркей тек Павлодарды ғана мазалап тұрған жоқ. Нұр-Сұлтан, Өскемен қалалары мен Шығыс Қазақстан облысы да осындай мәселеге тап болған. Спикер басқа өңірлер жергілікті мамандардан көмек сұрап жатқанын айтты.

- Біз үлкен тәжірибе жинадық, тіпті Қазақстанда тәжірибелі біз ғанамыз деп айтуға қорықпаймын, - деді Ирина Сорокина. – Өңіріміздегі атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың нәтижесін шығарғандығы өкінішті. Жыл сайын жаңа тәжірибе жинақталады. Алдыңғы маусымдағы кейбір сәттер ескеріледі. Міне, инелік ұшып жүр, сол көмектескендіктен маса мен шіркей жоқ, деген пікірлерді естимін. Жұмыс осы күнге дейін жалғасуда. Тек оны көрмейді.

Департамент басшысы энтомологиялық маусым аяқталғанын, жағдайдың ешқандай асқынуы болмайтынын атап өтті.

Оған қоса, Ertis Promenade сахнасына келген әртістер маса мен шіркейді байқамағандықтарын айтады. Кейбір павлодарлықтар да соны нұсқайды.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, маса, шіркей, улау, экология