Бұл туралы студенттерге қызмет көрсету порталын таныстыру барысында айтылды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттеріне қызмет көрсету орталығының мамандары орталықтың порталын және Telegram-ботын әзірледі. Жоба студенттерге қызметтерді белгілі бір мекемелерге бармай-ақ оңай алуға мүмкіндік береді.

- Бұл порталдың негізгі міндеті - мемлекеттік қызметтер мен студенттерге қызмет көрсету орталығына қатысты үрдістерді басқару, құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуелділіктерін жою, - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Аягөз Мүсәпірова.

Портал және Telegram-боттың көмегімен 10 қызмет түрін алуға болады. Олардың екеуі мемлекеттік: білім алу жөніндегі анықтама, жатақханаға орын беру, шақыру анықтамалары, транскриптерді беру және т.б.

С. Торайғыров атындағы ПМУ, «Саналы ұрпақ» фронт-офисі және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өңірлік департаменті ұйымдастырған шараны колледждер мен ЖОО-ның студенттерге қызмет көрсету орталықтарының жетекшілері, мемлекеттік корпорация өкілдері мен облыстық білім беру басқармасының мамандары өткізді.

С. Торайғыров атындағы ПМУ баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ПМУ, студент, мемлекеттік қызмет, қызмет көрсету