Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, мектеп жәрмеңкесінің ашылуы 15 тамыз күні сағат 12:00-де өтеді.

- Жәрмеңкенің өткізу мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, - деді білім беру бөлімінде. – Қажетті тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуға қөмек жасау.

Жәрмеңке ата-аналарға киім және кеңсе іздеуге кететін уақытты үнемдеуге көмектеседі және тікелей өндірушіден өнімді сатып алуға мүмкіндік береді .

Жәрмеңкеде ата-аналар мектептен тыс ұйымдардың жұмыс шарттарымен танысып, қызығушылықтары артса, баланы мектептен тыс үйірмелер мен секцияларға жазуға болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мектеп жәрмеңкесі, білім