Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Ауа температурасының соңғы екі айда төмендемеуіне байланысты таңғы сағат 6:20-лар шамасында Қарғалы өзені бассейніндегі №1 көлдің суы босатылды. Секундына 5 мың текше метр жылдамдықпен шығарылғанда көлдегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Алдын ала есептер бойынша 20 мың текше метр су ағызылған», - деді қалалық ТЖД.

«Осыған байланысты Наурызбай ауданы Қарғалы шатқалында тұратын халық шұғыл құлақтандырылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімшелері, жол патрульдік қызметкерлері дауыс зорайтқышпен халықты хабарландырды», - деді ТЖД.

Наурызбай ауданында қауіпсіз жерге көшірілген адамдарды қабылдау үшін эвакуациялық пункттер ретке келтірілді. Осы мақсатта Бостандық ауданында мектеп ғимараты әзірленді.

Қарғалы өзенінің арнасында газбен қамту, электр энергиясымен қамту нүктелері ажыратылды.

Төтенше жағдайлар бойынша шұғыл штаб құрылды. Сондай-ақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданындағы сел орнына барды.

pavlodarnews.kz

Тэги: