Өңірлік білім беру басқармасының мәліметіне сүйенсек, 300-ге жуық жас маман ауылдық аймақтардың мектептерінде еңбек етуге ниет білдірген. Оның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша білім алған жастар бар.

- Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін олар білім беру ұйымдарына жұмыс істеу үшін барады, - дейді агенттіктің жолдаған ресми сауалына берген жауабында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев. - Жаңа оқу жылы басталғанда бос орындар жабылады. Облыс мектептерінде 800-ден аса 1 сынып мұғалімі жұмыс істейді. Кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі жас мамандарды қабылдау есебінен, сондай-ақ, зейнеткерлік жастағы бастауыш сынып мұғалімдерін тарту арқылы шешілетін болады.

Облыста 360-тан астам мектепте 11 мыңнан астам ұстаз жұмыс істейді. Қазіргі таңда ағылшын тілі, математика және орыс тілі пәндері мұғалімдеріне сұраныс бар.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: baribar.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам