Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 57 жастағы тұрғын әлеуметтік желі арқылы шетел азаматымен танысқан. Өзін АҚШ азаматы ретінде таныстарған ер адам Кабул қаласында жұмыс істейтінін айтқан. Біраз уақыттан кейін епті айлакер әйелге қошемет сөздер айтып, ғашық болғанын және кездескісі келетінін жеткізген, - дейді департаментте.

Ештенеден күдіктенбеген облыс тұрғыны банктен кредитке ақша алып, ақшалай қаражатты курьер-агенттің шотына жіберген.

Алаяқ жүктің жолда кешігіп жатқанын айтып, 3 ай бойы сүйіктісінен одан да ірі көлемде ақшалай сома сұратқан, алайда ақшаның таусылғанын білген кезде ізін суытқан. Сонда ғана әйел адам өзінің алданғанын білген.

Аталмыш фактіге қатысты алаяқ бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам