- 4 851 тоннасы немесе 38 пайызы төленді және 3 389 тоннасы немесе 26 пайызы шығарылған, - деді облыстық әкімдікте өткен аппарат жиынында өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Сәдібеков. – Операторлық қызмет көрсетуді есепке алғанда бір тоннасы 206500 теңге немесе литрі 171 теңге.

Басқарма басшысы астық егетін Успен және Ертіс аудандарында арзандатылған дизель отынын төлеу 25 пайыз көлемінде баяу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

- Сонымен қатар, Май және Аққулы аудандарында 25-15 пайызы ғана төленді. Бұл қос ауданда айтарлықтай ауқымды астық дақылдары жоқ. Осыған байланысты бөлінген арзандатылған дизель отыны төлемақысын уақытылы жүргізу қажет, - дейді ол.

Еске сала кетейік, биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жұмысын жылдамдату мақсатында арзандатылған дизель отынын ұсынатын екі оператор бекітілген. Олар - «LF TRADE» ЖШС және «ТК Парнас» ЖШС.

Көктемгі-дала жұмыстарын өткізу үшін 18,6 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі мың тоннаға артық. Оның ішінде наурыз айына – 7 000 тонна, сәуірге – 6 600 және мамыр айына 5 000 тоннадан.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, право