Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті. 

- Өрт туралы хабарлама сағат 00.45-те түскен. Өрт сөндірушілер екінші қабатқа балкон арқылы кіріп, тоғыз адам сыртқа шығарылды. Оның екеуі - бала. Оқиға орнында № 10 өрт сөндіру бөлімінен алты адам мен бір атвоцистерна жұмыс істеді, - дейді департаментте.

Екібастұз қаласы Төртүй ауылында сағат 17.45-те № 6 өрт сөндіру бөлімінен 60 шақырым қашықтықта Естай көшесі, 7 мекенжайы бойынша шаруашылық алаңында 100 шаршы метр сарай жанып кеткен.

Тілсіз жау көршілес орналасқан үйге ұласып, кірпіш сарайдың төбесі құлаған және ағаш құрылымдар жанған. Сондай-ақ, 50 шаршы жерде былтырғы 10 тонна шөп жанып кеткен.

Өртті сөндіруге № 6 ӨБ-ден үш адам мен бір автоцистерна, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, ауылдан 40 тұрғын жұмылдырылды.

Сондай-ақ, түнгі сағат 03.00-де 40 шаршы метрде жеке тұрған монша жанған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам