Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын жанжал шығарушы әйел қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

- Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және сотқа жолданды. Анасын соққыға жыққан қызына қатысты учаскелік полиция инспекторының қолдаухатымен Павлодар қаласының мамандандырылған сотының шешімімен жүріс-тұрысына қатаң талап қойылды және 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза салынды.

«Тұрмыс» ЖПШ өткізу барысында павлодарлық полицейлермен барлығы 766 құқықбұзушылық тіркелді.

7-13 тамыз аралығында Павлодар облысы аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық шарасы өткізілді. Нәтижесінде ішкі істер органдарында есепте тұрған 3450 адам тексерілді, 706-сына қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды. Сот 236 адамға жүріс-тұрыстарына қатысты ерекше талап қойды.

763 тұлға әкімшілік жауапкершлілікке тартылды: ҚР ӘҚБК 73-бабы бойынша 138 құқықбұзушы (қоғамдық орында ішімдік ішу, сонымен қатар ішімдікке мас күйінде жүру), ҚР ӘҚБК 440 – бабы бойынша 363 адам (қоғамдық орындарда ішу және мас күйінде болу), ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша 11 құқықбұзушы (ҚР ішімдік өнімдерін сату талаптарын сақтамау), ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша 25 адам (балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналармен және заңды өкілдермен міндеттерді орындамау).

ІІО есебіне 414 адам қойылды. Полиция қызметкерлермен 517 қолайсыз отбасы тексеріліп, 26 отбасы есепке алынды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам