Команданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 32 жастағы велошабандоз Mitchelton-Scott сапына 2020 жылы қосылады. Қазіргі уақытта команда көшбасшылары – Саймон мен Адам Йейтстер және Эстебан Чавес.

Андрей Зейц «Астана» командасының құрамында 12 жыл өнер көрсетті. Кәсіби волеспорттағы мансабын 2008 жылы бастаған болатын.

- Кәсіби велошабандоз атанған 12 жылы ішінде Астана командасында Гранд-турлардың Контадор, Нибали, Ару, Ланду және Лопес сияқты мықты спортшыларымен бірге жұмыс жасадым, - деді Андрей Зейц. – Мен Гранд-турларға маманданғанмын. Ондай 18 жарысқа қатысып, барлығында мәреге жеттім. Соңғы уақыттарда жарақатымнан айықтым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Клубтың бір бөлігі болатындығыма, команданың жетістігі үшін тәжірибеммен бөлісетіндігіме қуаныштымын.

Сонымен қатар, Mitchelton-Scott командасының спорттық директоры Мэтт Уйат өз пікірінде қазақстандық велошабандоздың көп күндік жарыстар бойынша тәжірибесі мол екендігі және команданы әлемдік турларда алға сүйрейтіндігін жеткізді.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, велошабандоз, велоспорт, Андрей Зейц, спорт