Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлім етті.

Маңызды жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық білімді дамытудағы еңбегі және қоғамдық белсенді қызметі үшін бірқатар педагогтарды марапаттады.

- Президент қолынан марапат алған мұғалімдер қатарында Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі физика пәнінің мұғалімі Анатолий Билида да бар, - деді білім беру басқармасында. - Білікті педагог «Құрмет» орденімен наградталды.
Анатолий Билиданың шәкірттері білім додаларында талай рет жеңімпаз атанған. Ұстаз халықаралық Жәутік олимпиадасының 7 жүлдегерін, Физика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың 7 жүлдегерін, Қ.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадасының 8 жүлдегерін дайындаған.

Анатолий Билиданың оқушылары Нидерланды, Ботсвана (Оңтүстік Африка), Белоруссия елдерінде өтетін Физика пәні бойынша олимпиадалар мен Жасөспірімдер арасындағы халықаралық олимпиадада топ жарып жүр.

Айта кетейік, дарынды ұстаздың 6 оқушысы президенттік олимпиадада (алтын – 3, күміс – 1, қола –1, Құрмет грамотасы -1), 21 оқушысы Республикалық пән олимпиадасында (алтын – 6, күміс – 6, қола – 9) жоғары нәтиже көрсеткен.

Фото: inform.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мұғалім, марапат