Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Л. масаң күйде қоғамдық орында Усолка көшесінде, жағалауда, полиция қызметкеріне былапыт сөйлеп, сол әрекетімен ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған.

- Сот қаулысымен қала тұрғыны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 2 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қаулы заңды күшіне енді, - деді Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінде.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам