Өткен сенбіде Павлодар облысының әкімі «Сарыарқа» шағын ауданындағы әрбір құрылыс учаскесіне барды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы «Алюминстрой» тұрғындарының өз пәтерлерін тастап кетуден бас тартуы салдарынан бірнеше қалқанқұраманы сүріп тастап, жаңа үйлердің құрылысына кірісу осы жазда басталған болатын. Осыған орай, Болат Бақауов салынып жатқан әрбір жаңа үйге құрылыс басқармасынан маманды бекітуді тапсырды.

Ол жұмыс күнін құрылыс алаңында бастап, сол жерде аяқтауы керек және жұмыстың қалай жүріп жатқанын тексеруге тиіс, - деді аймақ басшысы. - Сонда ғана жұмыс шын мәнінде қарқын алады.

Сонымен қатар, әкім құрылысшыларға жұмысты 1 желтоқсанда аяқтау керек екенін еске салды.

- Біздің мердігерлеріміз Жаңа жылға дейін жұмыс істейміз деп үміттенеді, - деп атап өтті ол. - Не үшін? Қазір күш салып, барлық жұмыстарды күнтізбелік қыс басталғанға дейін тапсырғанымыз жөн. Қысқа қалдырудың қажеті жоқ!

«UM-Engeneering» ЖШС салып жатқан N30 үйде бүгінде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Мердігер ұйымның басшылары айына үш қабаттан тапсыруға және белгіленген мерзімде аяқтауға уәде берді. Сонымен қатар, көрші көпқабатты - N27 үйді басқа құрылыс компаниясына берді. «СК-Строитель» ЖШС қыркүйек айының соңында жаңа құрылысты таныстырады.

- Біз осы үйге бір ай бұрын кірдік, өйткені алдыңғы мердігермен қиындықтар болды, - дейді компания басшысы Кенжебек Қасенов. - Біз жұмысқа кіріскен кезде үйдегі терезелер 50%-ға салынып, әрлеу 30%-ға орындалды, ал қасбеті боялмаған еді. Бүгінгі күні барлық жақтауларды салдық, 8-қабатта жұмыс істеп жатырмыз, ал үшінші қабатта батареялар мен санитарлық тораптарын орнатамыз, қасбетін бояймыз.

Бұдан басқа, қазір қалалық әкімдікте кезекті  қалқанқұрама үйлерінің тұрғындарын көшіру мәселесі шешілуде. Қазір 10 жаңа тұрғын үй салу бойынша жоба мемсараптамадан өтуде.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам